Алғашқы әскери дайындық

«Бекітемін»

Мектеп директоры:              Ж. Жансеитова.

 

Оқушылар арасында «Алғашқы әскери дайындық» және әскери патриоттық тәрбиені жақсартуды  жоғары деңгейге жеткізу үшін 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық

ЖОСПАРЫ

Атқарылатын жұмыстар Мерзімі Орындалуына жауаптылар Орындалуы туралы белгі
1 Оқушыларды сапқа тұрғызып, салтанатты түрде оқу сабақтарының  басталуын атап, мектеп директорының бұйрығын оқып, таныстыру.  

1-қыркүйек

 

АӘД жетекшісі

 

өтілді

2 Жылдық жоспарларда көрсетілген іс-шараларды өткізу Қыркүйек айы Әскери жетекші өтілді
3 Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының

24-желтоқсан  туылған күніне байланысты әдеби кеш және тәрбие сағаттарын өткізу.

Желтоқсан 5-11 сыныптарда сынып жетекші өтілді
4 Шақыруға дейінгілер мен шақырушылардың

іс-қағаздарын, мінездемелерімен бірге  дайындап, есепке тұрғызу

Желтоқсан

Қаңтар

АӘД жетекшісі, сынып жетекшілері өтілді
5 Әскери қызметтегі мектепті бітірген  оқушылармен байланыста болып, хат жазу Қараша,  Сәуір АӘД жетекшісі, жастар ұйымы өтілді
6 Ардагерлермен кездесу ұйымдастыру 8-наурыз Мектеп әкімшілігі АӘД жетекшісі  
7 Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізу 9-мамыр Мектеп әкімшілігі АӘД жетекшісі  
8 Баяндама:7-мамыр сарбаздар күні тақырыбы «Өмірде ерлікке  орын көп» Мамыр Мектеп әкімшілігі АӘД жетекшісі  
9 Баяндама: тақырыбы «Ата-баба салт дәстүріне берікпіз» Мамыр Тарих пәнінің мұғ.  
10 Әскери академияда оқып жүрген курсанттармен кездесу өткізу Қазан Мектеп әкімшілігі АӘД жетекшісі өтілді
11 Солдат әндерінің байқау конкурсы жырлайды «Жеңіс» атты  байқау 6-мамыр

15-сәуір

 АӘД жетекшісі  
12 «Әскери мамандығы бар адамдар» атты ашық сабақтар, әскери  колледждеріне түсу шарттары, курсанттардың өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелер, кездесулер  

 

Желтоқсан

 

АӘД жетекшісі

Сынып жетекшілері

өтілді

 

АӘ және технология пәнінің жетекшісі:                   с.т. Қалмұрзаев А.А.

 

 

Азаматтық-патриоттық тәрбие бағыттары бойынша атқарылған іс-шаралар есебі.

 

Мектептегі азаматтық- патриоттық тәрбие бағыттары бойынша 2021-2022 оқу жылындағы жылдық жоспар жасалынып, мектеп директоры тарапынан мөр басылып , бекітілді.  Аталған жоспар бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды.

  • Оқу жылының басында 10-11сынып оқушылары сапқа тұрғызылып, салтанатты түрде  оқу сабақтарының басталуын атап,  мектеп директорының алғашқы әскери  және технологиялық дайындық жайлы бұйрығымен таныстырылды.
  • Оқу жылының басталуы және оқу сабақтарының өтілуі жөнінде  Ы.Алтынсарин  ғылыми орталығының әдістемелік нұсқау хатына сәйкес  сыныптардағы  оқу сағаттарының   берілуіне байланысты 11 сыныпта аптасына 1сағат, жылына 34 сағат өткізіледі,

10 сынып оқушыларына   68 сағат,1-қыркүйектен –ақпанға дейін 38сағат оқу жоспары мектепте орындалады,қалған 30 сағаты  5 күндік дала- оқу  жиынында өтіледі.

  • Мектепте оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілген жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді.
  • 19-қараша 2021 жылы мектепті бітірген  түлектерден әскери қызметті жалғастырып келе жатқан әскери қызметшілермен  видео- көрсетілім арқылы  кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында оқушылар өздерінің ойында жүрген  әскери қызмет туралы  ойларымен бөлісті.
  • Қыркүйек айында жылдық жоспарда көрсетілген іс-шаралар өткізілді.
  • Желтоқсан айында  10а –сынып оқушыларымен  Халық қаһарманы  Бауыржан Момышұлының 24-желтоқсан  , туылған күніне байланысты әдеби кеш және тәрбие сағаттары өткізілді.Б.Момышұлының  қазақ халқы жайлы патриоттығы , оның әскери  тактиканы меңгеруі ,қолбасшының қандай болатындығының  шынайы бейнесін көрсете білгендігі паш етілді.
  • Желтоқсан айында 2005 жылы туылған шақырушылардың іс-қағаздары, мінездемелері дайындалып, есепке тұрғызылды.Сынып жетекшілері тарапынан іс- құжаттар дайындау жұмыстары  өз дәрежесінде өткізілді.
  • Оқушылардың келешекте әскери  қызметті  таңдауына  септеген тигізетін іс –шаралардың бірі  Жоғары Әскери Академияда оқып жүрген Ж.Тағайбек, А.Абдрахман сынды курсанттармен кездесу  өткізілді.Кездесу барысында түрлі әскери қызмет туралы   сұрақтар қойылып, аталған азаматтардан  қанағаттанарлық жауаптар алынды.
  • Желтоқсан айында «Әскери мамандығы бар адамдар» атты  ашық сабақтар, әскери колледждеріне түсу, шарттары, курсанттардың өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелер, кездесулер  ұйымдастырылды.

 

АӘ және технология пәнінің жетекшісі     :                  Ст. А.Қалмұрза