Мектептің оқу-материалдық базасындағы АКТ-ға сәйкес құрал-жабдықтармен қамтылуы.
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы.
Қазығұрт ауданы «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің іргетасы 1927 жылы бой көтеріп, «Сауат ашу» мектебі болып ашылған. 1935 жылдан Папанин атындағы жетіжылдық мектебі, 1950 жылы С.М.Киров атындағы сегізжылдық мектебі болып қайта құрылып, жұмыс атқарады. 1968 жылы С.М.Киров атындағы орта мектепке айналған. 1982 жылы мектепке жаңа типтік ғимарат пайдалануға беріліп, 1996 жылдан мектептің аты «Шарбұлақ» жалпы орта мектебі болып аталған. Мектеп ғимараттары 2010, 2014, 2021 жылдары мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдан мектеп атауы «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.
Мектеп 2 ғимараттан тұрады; -типтік
-ыңғайластырылған.
Ыңғайластырылған мектеп ғимараты қайта құрылыс жүргізуді қажет етеді.
Мектепте спорт алаңшасы-2, әскери патриоттық дайындық алаңшасы-1, акт залы-1, спорт залы-2, пән кабинеттері-32, зертханалар мен қосымша кабинеттер саны-8, тарихи этнографиялық мұражай-1..
Мектеп МБ
жабдықтар |
2017-2018 оқу жылы | 2018– 2019 оқу жылы | 2019– 2020 оқу жылы | 2020– 2021 оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы |
Компьютерлер саны | 54 | 54 | 66 | 83 | 87 |
Интербелсенді тақталар | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 |
Видеопроекторлар | 17 | 17 | 17 | 17 | 17 |
Интернет желісіне қосылған компьютерлер саны |
5 |
9 |
9 |
10 |
40 |
Компьютерлік сынып саны | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Интербелсенді сынып саны | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Мектепте оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Мектептің құрылтайшылық құжаттары төмендегіше:
- Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің лицензиясы.Берілген күні 06.04.2021ж №KZ92LAA00026578. Жалпы орта білім беру үшін шектеусіз мерзімге берілген.
- Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы анықтамасы. БСН 000540002539 Берілген күні. 25.01.2021 ж. Орналасқан жері. Қазақстан Республикасы. Түркістан облысы.Қазығұрт ауданы. Шарбұлақ ауыл-округі. Шарбұлақ ауылы. А.Алпыспаев көшесі №11 ғимарат. Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 29.05.2000 ж.
- Қазақстан Республикасы Салық төлеушінің куәлігі. Тіркеу нөмірі №58080005450. Берілген күні 06.12.2011 ж.
4. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің Жарғысы. №1883-1959-12-КММ Берілген күні 25.01.2021ж