Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Батырбеков Мухитжан Мамырұлы
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Туылған жылы мен туған жері: 24-сәуір 1985 жыл, Түркістан
(бұрынғы Шымкент) облысы, Қазығұрт (бұрынғы Ленин) ауданы Шарбұлақ елді мекені.
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары педагогикалық.
. Жалпы жұмыс өтілі: 16 жыл
Осы ұжымдағы жұмыс өтілі: 16 жыл
Жұмыс тәжірибесі 2006-2007 жж. «Шарбұлақ» жалпы орта мектебінің физика-информатика пәнінің мұғалімі, 2011-2012 жж. директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, 2012-2013 жж. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жетістіктері: — «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің» облыстық педагогикалық марафонында І дәрежелі дипломға ие болған;
— аудандық пән олимпиадасында информатика пәнінен жүлделі ІІ орын алған;
— «Білімді де, білікті ұстаз» байқауында жүлделі ІІ орын алған;
— «Жаратылыстану-математика пәндерінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы мұғалімдердің аудандық семинарына белсенді қатысқаны үшін марапатталған;
— облыстық «Табысты жас Қазақстандық» жүлдесінің иегері.
— 2017 жылы «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ» атты мектеп экоклубтар фестиваліне белсене қатысқаны үнін Алғыс хатымен марапатталған.
—2017 жылы 2016-2017 оқу жылында жас өспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай еңбек еткені үшін Нұр отан партиясы Қазығұрт аудандық филиалынан Алғыс хатымен марапатталған.
-2019 жылы І дәрежелі диплом. Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің тәрбие орынбасарлары арасында өткізілген «Тәрбие ісінің үздігі-2019» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталған.
-2019 жыл ІІІ дәрежелі диплом. «Тәрбие ісінің үздігі-2019» облыстық байқауында жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.
-2019 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
-2020 жылы – Түркістан облысында 2020-2023 жылдарға арналған балалардың құқықтарын қорғауды күшейту,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралардың орындауына жауапкершілікпен қарап,белсенділік танытқаны үшін Қазығұрт ауданы білім бөлімі мадақтамасымен марапатталған.
1991 жылы Шарбұлақ жалпы орта мектебіне 1-ші сыныпқа қабылданды. 2002 жылы сол мектептің 11-ші сыныбын бітіріп, сол жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, жаратылыстану-педагогика факультеті, физика-информатика пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түскен.
2006 жылы сол аталған Университетті бітіріп, 2006-2007 оқу жылы, «Шарбұлақ» жалпы орта мектебінің физика-информатика пәнінің мұғалімі болып қабылданды. Содан 2011-2012 жж. директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, 2013 жылдан бастап, осы күнге дейін, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.