Қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстар
«Сырғалым — сырласым» қыздар ұйымының 2021 жарты жылдық атқарған жұмыстары. Жетекшісі Қуанышева Б
15 -қыркүйек күні «Мектептегі қыз бала тәрбиесі» атты жалпы қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қыздарды мектептің ішкі тәртібімен, қауіпсіздік ережесімен таныстырылды.
20 қыркүйек күні «Тазалық, тәртіп басты талап» тақырыбында 5-7 сынып қыздар арасында жиналыс өткізілді.
«Бой түзеу- әуелі ой түзеу» тақырыбында мектеп тәлімгерімен бірлесе отырып жиналыс өткізілді.
Қазан айының 19 күні қыздар арасында тұрмыстық зорлық зомбылық және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Арыңды сақта, бойжеткен» тақырыбында қыздар ұйымы төрайымы баяндама оқып, мектеп медбикелерімен бірлесе жиналыс ұйымдастырылды.
Қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстазым менің, ұстазым» ұстаздар күніне іс-шара өткізілді.
22 қазан күні «Алтын күз» мерекелік кеші ұйымдастырылды.
8-11 сыныптар арасында жеке сыныптарда қыздар арасында жиналыстар өткізіліп отырды.
5-7 сыныптар арасында да қыздардың тазалығы мен тәртібін, мектеп формасын сақтау жөнінде сыныптар арасында жеке жиналыстар жүргізіліп отырды.
15-қараша күні 8-11 сынып қыздары арасында «Буллинг, кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында мектеп психологтарымен бірлесе жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Қыздар арасындағы әлімжеттік пен зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын-алу.
Осы кезеңге дейін қыздармен түрлі тақырыпта бес рет жиналыс өткізілген.
«Ұлдар» ұйымы» атқарған жұмыстар. Жетекшісі Айту Қуаныш
Бекітілген кесте бойынша ұлдар арасында кұқықбұзушылықты болдырмау, алдын-алу мақсатында бірнеше рет жиналыстар өткізілді және үнемі оқушылардың тәртібі қадағаланып келеді.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аталған кеңестің ұйымдастыруымен спорттық жарыстар, атап айтқанда сыныптар бойынша футбол. волейбол жарыстары, «Мен Тәуелсіз елімнің Ұланымын» атты сайыстар өткізіліп , жеңімпаздар оқушылардың жалпы жиналысында марапатталды.
Қазан айында «Әке көрген оқ жонар» тақырыбында мектеп «Әкелер кеңесінің» ұйымдастыруымен жалпы жиналыс өткізіліп, оқушыларға жиналысқа қатысушы әкелер тарапынан тағылымдық шаралар ұйымдастырылды.