Мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары
Рысқұлов Бегалы Асанұлы 1973 жылы 23 ақпанда Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылында туылды. 1990 жылы С.М.Киров атындағы орта мектебін бітіріп, Ташкент мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсті. Аталған оқу орнын 1996 жылы бітіріп, өзінің туған ауылындағы «Шарбұлақ» жалпы орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасты. Мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан жас маман аудандық «Жыл мұғалімі-1998» байқауына қатысып жүлделі орын алды. Аудандық мұғалімдер олимпиадасына қатысты. Оқушылары аудандық пән олимпиадасынан жүлделі орындар алды. 2008 жылы Қазығұрт аудандық білім бөлімінің физика, математика және информатика пәндерінің әдіскері болды. Облыстық «Әдіскер-2010» байқауына қатысып жүлделі орын алды. 2012-2014 жылдар аралығында Тұрбат ауыл әкімшілігіне қарасты «Қызылдихан» негізгі орта мектебінде директор болып жұмыс істеді. Аталған мектепте өзінің басшылық қабілетін көрсете білді. Ауылға жаңа мектеп салынуына үлесін қосты. Ұжымның оқыту әдісіне Кембридждік оқытуды және «Lesson Study» зерттеу сабақтарын енгізді. 2014 жылдан бері өзінің туған ауылы «Шарбұлақ» жалпы орта мектебінде директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеп келеді.
Аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының және аудандық маслихаттың «Алғыс хатымен» және облыстық кәсіподақ ұйымының төсбелгісімен және «Алғыс хатымен» марапатталған. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары арасында «Үздік әдістемелік басылым» атты облыстық байқауға қатысып ІІІ орын алды.