Жаңалықтар
Қошанов мұғалімдердің жалақысы туралы: Әлеуметтік теңсіздік болмай ма?
Мемлекет басшысы сапалы білімге қолжетімділікті арттыру міндетін қойып отыр. Мұғалімдердің жетіспеушілігі мен білім беру сапасына үлкен алшақтық бар өңірлерді қолдау мақсатында үздік педагогтерді тартуға қатысты әлеуметтік қолдау шараларының арнайы бағдарламасы бар. Оны іске асыру үшін нақтыланған республикалық бюджет жобасында Алматы, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарына 2 мыңға жуық педагогті тарту үшін 3,9 млрд теңге көзделіп отыр, — деп айтты депутат.
Оның сөзінше, бұл қаражатты лауазымдық жалақыға 150% мөлшерінде жалақыға ынталандыру үстемақысын белгілеуге ғана арналған шығыстар жоспарланған.
Әлеуметтік қолдауға бағытталған басқа шығысты көрмей отырмыз. Осыған байланысты басқа елді мекендерден көшіп келген мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, әлеуметтік топтама қандай болады? Үздік мұғалімдер қандай өлшемшарттар негізінде іріктеледі? Оларға қандай талаптар қойылады? – деп сұрады депутат Жәмилә Нұрманбетова Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен.