Мектеп тарихы
Шарбұлақ орта мектебінің негізі 1927 жылы Шарбұлақ ауылының Киров бөлімшесінде сауат ашу мектебі болып ашылған. Алғашқы мұғалім болып Татарстаннан келген Абдулла Ыбырайымұлы, Майхиев және Ахаев ұстаздық еткен. Сол кездегі алғашқы шәкірттер:
1.Батырбеков Тұран 3.Алтаев Кәдір
2.Үсенбеков Есенбек 4.Тұрғынбаев Бөрібай
5.Әлімқұлов Лесбек
1938-1939 оқу жылы жеті жылдық болып ашылған және оған Папанин есімі берілген. Сол кездегі ұстаздар:
1.Сапиев Р 3.Райымбетов Ж
2.Бөркенбаев 4.Батырбеков Т
1950 жылы мектептің аты С.М.Киров атындағы жеті жылдық мектебі болып өзгертілді.
1961 жылдан бастап С.М.Киров атындағы сегіз жылдық,1968 жылы С.М.Киров атындағы орта мектепке айналды.
1996 жылдан бастап мектептің аты Шарбұлақ орта мектебі болып аталынды.
Мектеп түлектерінен қосымша мәлімет.
Ұстаздық еткендер:Батырбеков Тұран,Әлімқұлов Лесбек және т.б.
Ұшқыштар:Әнуар Төлеев 1938-1943 жж. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Медеу Қасымбай –қазіргі кезде ұшқыш.
Алғашқы механизаторлар:Бекмырзаев Пернебек
Қуандықов Байбол
Ерімбетов Мелдебек.
Алғашқы жүргізушілер: Дәрменбаев Бекмырза
Ақын-жазушылар: Қ.Тұрсынқұлов,С.Қалдықараев
С.Сымайылов,Б.Алдияров.
Ғалымдар:
Пернебаев Князбек-медицина ғылымының докторы,
Абдуллаев Рахымбек-филомофия ғылымының кондидаты,
Үсенбеков Ұлықбек-экономика ғылымының кондидаты.
Ел басқаруда халық үшін еңбек сіңіріп жүргендер:
Шынтасов Танабай-савхоз директоры
Қарабеков Жайлаухан –облыстық ауырухананың бөлім меңгерушісі.
Пазылов Камал, Аширов Нұржан шаруашылық дамытуда үлес қосқан фермерлер.
Мектеп директорының қызметін атқарғандар:
- Жолдасов Қалы 1939-1940 жж
- Райымбеков Жанысбай 1940-1941 жж
- Садыбаев Мәлік 1941-1943 жж
- Батырбеков Тұран 1946-1947 жж
- Достаев Ақылбек 1947-1950 жж
- Батырбеков Тұран 1950-1951 жж
- Әбдіралиев Маханбетәлі 1951-1958 жж
- Дайырбеков Төленбай 1958-1961 жж
- Сейтаев Еген 1961-1964 жж
- Әбдіралиев Маханбетәлі 1964-1965 жж
- Өсербаев Орақбай 1965-1968 жж
- Байзақов Бөрі 1968-1970 жж
- Өмірзақова Өлмес 1970-1973 жж
- Әбдіхалықов Қуат 1973-1985 жж
- Батырбеков Мамыр 1986-1996 жж
- Абирова Ұлжан 1996-2008 жж
- Батырбеков Қабыл 2008-2013 жж
- Құтымбет Қалдан 2013-2017 жылдың ақпан айынан бастап мектеп директорының қызметін атқарып келеді.
- Жансеитова Жанар 2017 жылдан бастап