Әлеуметтік қолдау

Әлеуметтік педагог есебі

Пердеев Ойрат

Жамалбекова Гулбарам

Оқушыларды әлеуметтік жағынан қолдау атқарылған жұмыстар

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қәзір қоғамымыз әлеуметтік-рухани дағдарысты басынан кешіруде. Қазақстан 1989 жылы БҰҰ қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенцияны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды, баланың өмір сүру құқығы, баланы қорғау, дамуына жағдай жасау, қоғамдық өмірге белсене араласу құқын құрметтеу. Негізгі басымдық баланы қайсыбір себептері болмасын кемсітпеу. Конвенция әлеуметтік қорғалмаған балалар тобына, жетімдерге, мүгедектерге, құқық бұзушыларға ерекше көңіл бөледі.

Әлеуметтік педагогика – ортаның, қоғамның, тәрбиеге, әлеуметтенуге әсер ету факторын зерттейтін педагогиканың бір саласы.

Әлеуметтік педагогиканың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.

Отбасы. Бала. Мектеп.

Бір-бірінен ажырағысыз үш ұғым.

Отбасы бар жерде бала бар,

Бала бар жерде мектеп бар.

Мектебіміздегі әлеуметтік педагогтардыңың қызметтік функциялары:

  • Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау;
  • Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету;
  • Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын рәсімдеу;
  • Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту;
  • Үйден оқытуды қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау және үйде оқыту жұмыс жоспарының орындалуын қадағалау;
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен «Мектепке жол” қамқорлық акциясын басшылыққа ала отырып,мектеп әкімшілігі мен ұстаздар, кәсіпкерлермен бірігіп ұйымдастыру;

Мектебіміз орналасқан елді мекендегі аз қамтылған, жағдайы төмен жанұя балаларының саны-63,  жартылай жетім балалар саны-30, тұл жетім-2,  көп балалы отбасы балаларының саны-364.

Оқушылардың өсіп отырған психоэмоциялық және физикалық жүктемелері оқушылардың денсаулықтарын нығайту және сақтауды басты міндет етіп отыр. Ресми статистика мұндай көрсеткіштің төмендеп бара жатқандығын дәлелдейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша оқушылардың 90%-ында денсаулық жағдайының түрлі деңгейіндегі ауытқушылықтары, 40%-ында созылмалы аурулар бар. Оқушылардың тек үштен бір бөлігінің денсаулығын дұрыс деп есептеуге болады.Әсіресе 15-17 жастағы жасөспірімдердің жағдайы алаңдаушылық туғызады. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оқу күнінің соңына қарай ойын жинақтай алмауы-қалыпты жағдай болып отыр.Балалардың көпшілік бөлігі тез ашуланғыш, физикалық әлсіреңкілігімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайлардың себептері көп: бұл әлеуметтік мәселелер, нашарлап бара жатқан экология, толыққанды тамақтанбау, гиподинамия және т.б. Сондықтан қордың қаражатын ең алдымен бағыттау қажеттілігі-бұл оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру

Мектебімізде аз қамтылған, көп балалы және жетім, жартылай жетім отбасындағы 124 оқушы  ыстық тамақпен  қамтамасыз  етілген .

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан, жетім, қамқорлықтағы балалар үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастыру туралы мектеп директоры атынан мектеп асханасын жалға алушылармен шарт жасалынды.Тамақтану мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі және кестесі бойынша жүргізіледі. Ыстық тамақтың сапасы және ұйымдастырылуына бақылауды медбике, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог,сынып жетекшілері жүзеге асыруда және ай сайын аз қамтылған, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларына ыстық тамаққа бөлінген қаражат есебі хабарлама түрінде ауданға жіберіліп отырады.

Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында Республикалық «Мектепке барар жол» атты 2022 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында акция жүргізілді. Акцияға біздің мектебімізде өз үлестерін қосты. Акция барысында  120 мың теңге жинақталды. Қайырымдылық қорынан түскен қаржы,  материалдық көмек ретінде  Құлет Бақтияр, Әмзе Бақдаулет, Жандарбек Саят, Кемелбек Ақнұрға  20000  тенгеден берілді. 20000 теңге қаражат жаңа жылдық сыйлықтар алуға жұмсалынды.

Жаңа жыл қарсаңында  балаларға тарту ретінде аз қамтылған, жартылай жетім 30 оқушыға   тегін киім- кешектер және үйде оқитын 11 сынып оқушысы Әмір Динараға   аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан арнайы жаңа жылдық сыйлық берілді.

Мектепте 9 оқушы үйде оқытылады, үйде оқыту жұмыс жоспары жасалынған сондай-ақ социолог-педагог Жамалбекова Г тарапынан жұмыстың орындалуын қадағаланып келеді

 

Оқушының аты жөні Оқубағдарламасы Сыныбы
1 Әмір Динара Жалпы орта 11
2 Әмір Әсел Жеңіл ақыл ой 2
3 Нұғман Әзіретхан Жеңіл ақыл ой 7
4 Сман Құдайберген Жеңіл ақыл ой 8
5 Қайнар Бақдаулет Жалпы орта 3
6 Тұрсынбай Данель Жеңіл ақыл ой 5
7 Арыстанбек Айдос Жалпы орта 8
8 Күмісбек Айнур Жалпы орта 8
9 Кәдір Ұлбике Жалпы орта 11