14 желтоқсанда «Тәуелсіз елдің Ұланымын» тақырыбында «Жас туристер» станциясы өткізген байқауда мектебіміздің оқушылары Тастанбекова Д, Оразалы Ұ, Ернияз А, және Г. Абдулла жүлделі бірінші орын иеленді.
13 желтоқсанда аға тәлімгер Г. Бугембаеваның ұйымдастыруымен оқушыларды «Жас қыран» , « Жас Ұлан» ұйымына қабылдауға арналған жиналыс өткізіліп, 2 және 5 сынып оқушылары аталған ұйымға қабылданып салтанатты түрде ант берілді және төсбелгілер табысталды.
2021 жылдың 30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында мәдени –спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген аудандық сайыста Тастан Т бас жүлде иеленді.
30 қараша күні барлық сыныптарда оқушыларды адалдыққа , парасаттылыққа тәрбиелеу , сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары мен оны алдын алу бойынша кеңінен түсіндіру мақсатында М. Байғұттың «Өмірлік ұстанымдары-Адалдық, Әділдік» тақырыбында «Адалдық сағаттары « өткізілді.
22-қараша күні мектепішілік эстафеталық жарыс өткізілді, Жарыс қорытындысы бойынша байқауға ұйымшылдықпен қатысқан 7 «ә» сынып оқушылары бас жүлде иеленді.
Еліміздің Тәелсіздігінң 3 0 –жылдығына орай «Мен Тәуелсіз елімнің ұланымын» ұранымен 5- 7 сынып оқушылары арасында байқау өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 7- сынып оқушылары бас жүлдеге ие болды.
Аудандық «Менің елім -Қазақстан» атты жас суретшілер байқауында 9 сынып оқушысы Мұхтар Нурсұлтан жүлделі бірінші орын иеленді
25 қарашада аудандық « Тапқыр болсаң-талас жоқ» тақырыбында өтілген зияткерлік сайыста мектеп оқушыларына құралған команда жүлделі екінші орын иеленді.
16 қараша күні «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында барлық сыныптарға түсіндірме сабағы ұйымдастырылды.
4-қарашада оқушылардан құралған арнай экспедиция «Домалақ ана» кесенесіне, «Ақмешіт» үңгіріне саяхат жасап , зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты,
2 қарашада Аудандық «Жас туристер» станциясының ұйымдастыруымен өткен «Сыбдыры сұлу-Алтын күз-2021» атты байқауға қатысқан 5 сынып оқушысы Есіркеп Назерке жүлделі бірінші орын иеленіп қайтты.
30 қазан күні оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаану, шығармашылық қабілеттерін амыту мақсатында «Алтын күз-2021» атты кеш ұйымдастырылды.
21 қазан күні «Оқуға қштар мектеп» жобасы аясында Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай « Ұлт шамшырағы –Ыбырай» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
19 қазанда «Ұстазы жақсының ұстанымы мықты» тақырыбында өткен аудандық жарыста Молдабек Еламан және 6 сынып оқушысы Ш. Абдірахман қатысып жүлделі екніші орын иеленді.
16 қазанда оқушыларды еңбексүйгіштікке , кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Табиғат сыйы» атты күзгі жәрмеңке өткізілді Жәрмеңеде оқушылар жеміс – жидектермен қоса өздері жасан қолөнер бұйымдарын да сатуға шығарды
14-қазан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына -30 игі іс « акция аясында мектеп оқушылардың, елді мекеніміздің еңбек ардагерлерінің қатысуымен 150 түп шырша көшетін отырғызу іс-шарасы болып өтті.
11-21 қазан аралығында «Абайлаңыз балалар» атты жол ережесіне байланысты онкүндік ұйымдастырылып оқушыларға жол белгілері, жолда жүру ережелері жайлы сабақтар өтілді.
1-қазан «Қарттар күніне» орай мектепте «Қарты бар ел- қазыналы ел» акциясы бастау алды . Акция барысында оқушылардан құрылған бригадалар қариялардың үйіне барып, шаруашылықтарына қолғабыс жасап ата-әжелеріміздің ризашылығына бөленіп, ақ баталарын алып қайтты .
5-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбымен барлық сыныптарда танымдық сағаттары 9-11 сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
Өткізілген барлық іс-шаралар мерзімінде әлеуметтік желілерге жарияланып , көпшіліктің талқысына ұсынылып отырылды.
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «KzgRodo» АТТЫ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗДІ!!!
«Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің 6-7 сыныпта оқитын бір топ оқушылары, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр Әль — Фарибидің 1150 жылдық мерей тойына және «2020 жыл — Еріктілер жылына» орай «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасында, роботехниканы кеңінен дамыту мақсатында «KzgRobo» атты байқауында 3 оқушымыз үздіктер қатарынан көрініп жүлделі орындарға ие болды.
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде «Ерлікке тағзым» атты ауған соғысы ардагердерімен кездесу болып өтті.
Іс- шараның мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, жауынгерлердің елінің кейінгі ұрпаққа өнеге ете отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баулу , Отанын сүюге тәрбиелеу.
Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Данабек. және басқа да ардагерлер қатысып, жастармен қызықты да тартымды әңгімілерімен бөлісті.
Мемлекет басшысының жолдауын назарға ала отырып ,Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айында 2022 жыл балалар жылына орай «Бала біздің болашағымыз» атты мерекелік іс—шара өткізілді.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылғы 06 сәуір күні 4, 9, 11 сынып оқушыларының білімдері, іскерліктері мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін компьютерлік тестілеу және тестілік бақылау бойынша мұғалімдермен өткізілген жиналыстың қорытындысы туралы
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «Б» сыныбының жетекшісі Ж. Молдағұлова «Ана өмір шуағы» тақырыбында ашық тәрбие сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Ана — өмірдің шуағы, ана — өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар аналарына деген ыстық ықыласын, жүрек жарды ақ тілектерін қоңыраулы параққа жазып әуе шарына байлап аналарына жолдады.
Ашық тәрбие сабағына қатысқан ұстаздар сабақты өз деңгейінде жақсы деп бағалады.
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде 1-наурыз «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне» орай төтенше жағдайлардың қорғану мақсатында жаттығулар ұйымдастырылды.
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай 5-7 сынып оқушылары арасында «Ана өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне 2022 жылы 23- ақпанда Шарбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде «Діни экстремизм мен терроризм – елге төнген қауіп» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп оқушылары мен аудандық дінтанушы мамандары қатысты. Жалпы оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін үйрету, діни сауаттылықты қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде 2022жылы 12 ақпанда «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында семинар тренинг болып өтті.
Семинарға қатысқан топ мүшелері:
Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің
бас маманы: Б.Орынбаев,
АПБ-нің ювенальды полиция инспекторы П.Иманава
Аудандық аурухананың гинеколог дәрігері: Л.Шырынбекова,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы М.Абдуллаева
«Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі » секторының әлеуметтік қызметкері Ж.Смановалар қатысты.
Жиын барысында құқықбұзушылық және ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде видеороликтер көрсетіліп, сауалнамалар алынды.
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде 18-наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні-Әз, Наурыз» мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара жоспарына сәйкес «Көктем аруы-2022» байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Оқушылар өз қолдарымен жасаған қазақтың ұлттық тағамдарын дастарқанға тарту етті.