Педагог-психолог

Педагог-психолог жоспары

Мамашова Багила

Махимова Марал

 

Педагог- психологтарының  атқарған жұмыстары

Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеу, жан дүниесін дамыту,педагогтардың және ата-аналардың қарым-қатынастарын жақсарту, психологиялық  педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру мақсатында 2021-2022 оқу жылындағы жоспарға сәйкес психодиагностика, психологиялық түзету, дамыту, психологиялық ағарту, психологиялық кеңес жалпы сыныптар аралығында, оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға атқарылатын жұмыстың бағыттары бойынша психологиялық жұмыстар атқарылды.

                                                      Қыркүйек

Қыркүйек айында психологтармен бірлесе отырып ,1 және 11 сынып оқушылары туралы мәліметтер жинақталып, жаңартылды. «Бестерек» жобасы бойынша мектепішілік есепте тұрған оқушылар мен «Тәуекел тобындағы» оқушылар тізімімен танысу және психологиялық-педагогикалық анықтау жұмыстары жүргізілді.  ІІБ –де есепте тұратын  отбасылардағы балалар  тізімі , Д-есебінде тұратын оқушылардың мәліметтері жинақталды. 1-ші сынып оқушыларының мектепке даярлығын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Мінезінде ауытқушылығы бар оқушылар анықталып  28.09.2021 күні  «Өмір мен саған құштармын» тақырыбында тренинг сабағы жүргізілді.

                                                            Қазан

5-11 сыныптар аралығында Айзенк бойынша темперамент типтері анықталды:

 

            Сынып

 

 

Темпера-

мент типі

5сынып

тар

94 оқушы

6сыныптар

78 оқушы

7сыныптар

89 оқушы

8сыныптар

88 оқушы

9сыныптар

72 оқушы

10

сынып

тар

62 оқушы

11 сынып

тар

59 оқушы

1 Холерик 15,4% 12,9 % 20% 17,5% 9,8% 17,3% 13,5%
2 Санвиник 25,3% 28,8% 35,8% 37,6% 53,5% 45,5% 38,9%
3 Флегматик 48,5% 46,3% 40,3% 29,9% 28% 23,9% 23,7%
4 Меланхо

лик

11,8% 12% 3,9% 15% 8,7% 13,3% 23,7%

 

Оқушылар арасында «Бестерек» жобасы аясында  «Менің отбасым!», «Менің ең жақын досым!», «Менің арманым!» тақырыбында эссе жұмыстары алынды.

«Сенім жәшігіне» түскен 2 хатпен жұмыс жасалды.

21.10.2021 жылы  «Бүгінгі жас маман- ертеңгі ел тірегі» тақырыбында жас мамандармен тренинг сабақ жүргізілді.  Сабақ барысында еңбек жолын жаңадан бастаған жас  мұғалімдерге тиісті құжаттарды толтыру , оқушылармен жұмыс барысында кездесетін проблемалар және оны шешу жолдары ,  жеке оқушылармен жұмыс жүргізудің әдіс- тәсілдері жайлы жан-жақты мәлімет берілді.

               

Сұраныс бойынша үлгерімі төмен, аутодеструктивті мінез-құлықты  оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп келеді.Тоқсан аяқталуына байланысты 30.10.2021 күні ата-аналар жиналысында «Тәрбие бастауы – отбасы» тақырыбында 3сынып ата-аналарына  баяндама оқылып, ата-аналардан сауалнамалар алынып жеке кеңестер берілді.

                                                                      Қараша

Барлық сынып оқушыларынан  «Бестерек» жобасы аясында сауалнама, 5,6,7- сыныптар аралығында  құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында анонимді сауалнама алынды.

Оқушылар арасында ерте жүктілікті алдын алу мақсатында 26.11.2021 күні  жоғарғы сынып қыздарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тиісті мамандар тарапынан баяндама оқылды. Сынып жетекшілерімен бірлесе  «тәуекел» тобына жататын оқушылармен жұмыстар жүргізілуде  «Сенім жәшігіне» түскен 8 хатпен  жұмыс жасалынып хаттама толтырылды. Үйде оқитын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатындабірнеше рет үйлеріне барып, сауалнама алынды .

Буллинг және кибербуллингті алдын алу мақсатында 23.11.2021 күні  8,9,10,11 сынып жетекшілері мен оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп баяндама оқылды.

       

Мамандықтарға бейімділігі мен тұлға типтерін анықтау мақсатында  Дж.Холландтың әдістемесі бойынша сауалнама жүргізіліп ,оқушылармен талқыланды. 20.12.2021 күні «Мамандықтар еліне саяхат», «Мамандығым –мақтанышым » тақырыбында  9-11 сынып оқушыларына тренинг сабағы өтілді. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында туындаған проблемалары бойынша топтық және жеке кеңес берілуде. 5.12.2021 күні  9А/Б сынып оқушыларына суицидті алдын алу мақсатында«Өмір-жалғыз!» тақырыбында тренинг сабағы жүргізілді.

Әр ай сайын оқушылар және мұғалімдер тарапынан түскен сұранысқа байланысты жұмыстар атқарылуда.  Бірінші жарты жылдықта  ата-аналардың, сынып жетекшілердің жеке өтініші бойынша 68 оқушымен жұмыс жасалды.

Сенім телефоны және сенім жәшігіне түскен 12  ұсыныс шағымдар тіркеліп, жұмыстар атқарылды.