Спорттағы жетістіктер

Салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі

    10-15 желтоқсанда Байдібек ауданында өткен волейболдан өткен облыстық жарыста Шарбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің қыздар командасы бірінші орын иеленді

9 желтоқсанда оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында футболдан мектеп біріншілігі өткізіліп , бірінші орынды  6 «б» сынып, екінші орынды6 «в» сынып, үшінші орынды 7 «ә» сыныбы иеленді.

19 қарашада 7-8 және 9-11 сыныптар арасында футболдан аймақтық жарыста «Шарбұлақ» командасы жүлделі 1 орын иеленіп жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ!

Спорт мектептерінің арасында волейболдан өткен ашық біріншілікте Қазығұрт намысын қорғап жүрген, «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің қыздар волейбол командасы,І орын алып, Республикада өтетін спорт мектептерінің арасындағы чемпионатқа қатысатын болады!