Жансеитова Жанар Иманалиевна.
1973-жылы 11-қаңтарда мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1980- жылы С.М Киров атындағы мектептің табалдырығын аттап, 1990 -жылы сол мектепті «Алтын белгімен» бітірген. Білімі – жоғары. 1991- жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне түсіп, 1996- жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан. Еңбек жолын 1995-жылы — Шымкент қаласы №17 М.Ю.Лермонтов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ұстаздық етуден бастады. «Ұстаздық еткен жалықпас-үйретуден балаға» деп Абай атамыз жырлағандай 2004-2006- жылдары Шымкент қаласына қарасты №78 — орта білім беретін мектепте тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары болып өз еңбегін жалғастырды. Ал, 2006 жылы елге оралып, Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде жұмысын жалғастырды. 2013-2014- жылдары «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2017- жылдан бастап Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ елді мекеніндегі «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің директоры лауазымы қызметін атқарып келеді.Еткен еңбегі үшін түрлі Алғыс хаттар мен марапаттар табысталған. Білім саласындағы жылдар бойғы қызметі үшін Басқарма басшысының құрмет грамотасымен марапатталды. Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының алғыс хаты, сондай-ақ аудандық, облыстық, республикалық түрлі байқаулардың жүлдегері болған.Өмірде ұстанған ұраны – адамның баласы болу.