«Қамқоршылық» кеңесінің жұмыс жоспары 2021-2022 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесінің құрамы:
- Ә. Жылқыбаев – кеңес төрағасы
- С. Бүрлібаев- төраға орынбасары
- Н. Рысқұлов -кеңес мүшесі
- Р. Сүлешова -кеңес мүшеі
- Р. Сүлейменов- кеңес мүшесі
- С. Сатыбалдиев -кеңес мүшесі
- Қ. Сәуленбекова -кеңес мүшесі
- А. Қазықанова- кеңес мүшесі
- Өмірқұлов С. кеңес мүшесі
10 .Ғ. Усербаева хатшы
Жарты жылдық бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы болып өтті . Қыркүйек айында өткен жиналыста жалпы ұйымдастыру жұмыстары қаралса , келесі жиналыста мектеп директоры Ж. Жансеитова кеңес мүшелеріне есеп берді . Өткізілген жиналыстың хаттамалары толтырылған.
2021-2022 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша тәрбие саласында атқарылған жұмыстар қаңтар айында өткен педагогикалық кеңесінің күн тәртібіне қойылып , талқыланды . Педагогикалық кеңесте мектеп директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары Қ. Құтымбет атқарылған жұмыстар жайлы баяндама оқып, есеп берді . Педагогикалық кеңес мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар «қанағаттанарлық» деп бағаланды.
Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 444 бұйрығының қосымшасында көрсетілген «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінің орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» сәйкес мектептегі кейбір іс-шаралар онлайн түрінде өткізілді.