Мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары

Ибрагим Гульнара Жәнібекқызы

        «Шарбұлақ»  жалпы орта білім беретін  мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульнара Жәнібекқызы  Ибрагим қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт  ауданы, Шарбұлақ ауылында 1975 жылы 24-желтоқсанда туған.   С.М. Киров атындағы орта мектебін 1992 жылы бітіріп,  1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  университетінің педагог –психолог мамандығын тәмамдап, 1998 жылы Қазақстан-Ресей Университетін бастауыш сынып мұғалімі және әдіскері мамандығы бойынша  бітірді.       1992 жылы 26 тамызда С.М.Киров атындағы орта мектебіне тәлімгер болып қабылданып, 1993 жылдан бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді.

Ол еңбек еткен  шінде талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық , облыстық және республикалық  интеллектуалды сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. 2002 жылы аудандық «Жыл мұғалімі»  байқауында жүлделі ІІ орынды иемденіп, аудандық білім бөлімінің ІІ дәрежелі дипломымен мараппатталды, 2002 жылы оқушысы      С. Әбдібайды математикалық «Бастау» турнирінің мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық кезеңдеріне қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып, республикадан алтын медальмен оралды. Сол жылы «Шарбұлақ» жалпы орта мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.  «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты облыстық фестивалінде жоғары  деңгейде өнерімен танылған талантты шәкірттерді дайындауда және сан қырлы өнерге баулуда қосқан үлесі үшін Облыстық  білім басқармасының мадақтамасымен  марапатталды.           2009 жылы өз мамандығы бойынша «Шарбұлақ» жалпы орта мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысты .2015 жылы аудандық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен мараппатталды. 2016 жылы тамыз педкеңесінде мектеп директоры орынбасарларының отырысында құнды баяндама оқығаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.2016 жылы аудандық, 2017 жылы облыстық кәсіподақ кеңесінің құрмет грамотасымен  марапатталды.2018 жылы мектеп директор орынбасарларының «Инновациялық идеялар жобасы» байқауының аудандық, облыстық кезеңінде І орын иемденіп, І дәрежелі дипломмен  марапатталды,2019 жылы Республикалық ғылыми тәжірибелік конференцияда оқушысы   Асқар Сезім III дәрежелі дипломмен марапатталды.

2021 жылы аудандық мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие  орынбасарларының ««Инновациялық идеялар жобасы» байқауында бас жүлде, облыстық мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие  орынбасарларының ««Инновациялық идеялар жобасы» байқауынан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ол қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, ұйымдастыру  қабілеті жоғары ,адамгершілігі мол,   білікті де, ізденімпаз маман. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз . Күнделікті сабақтарын жаңа технологияның  әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізеді.Ұстаз болу жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту дейтін болсақ,  Ибрагим Гульнара Жәнібекқызы – жас ұрпаққа үлгі беруден, үйретуден жалықпаған нағыз педагог.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.