Мектеп директоры

   Жансеитова Жанар Иманалиевна.

1973-жылы  11-қаңтарда мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1980- жылы С.М Киров атындағы мектептің табалдырығын аттап, 1990 -жылы сол мектепті «Алтын белгімен» бітірген. Білімі – жоғары. 1991- жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне түсіп, 1996- жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан.    Еңбек жолын 1995-жылы - Шымкент қаласы №17 М.Ю.Лермонтов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ұстаздық етуден бастады. «Ұстаздық еткен жалықпас-үйретуден балаға» деп Абай атамыз жырлағандай    2004-2006- жылдары Шымкент қаласына қарасты №78 - орта білім беретін мектепте тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  болып өз еңбегін жалғастырды. Ал, 2006 жылы елге оралып, Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде жұмысын жалғастырды. 2013-2014- жылдары «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2017- жылдан бастап Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ елді мекеніндегі «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің директоры лауазымы қызметін атқарып келеді.